Петропавл тұрғынына алкогольдік ішімдіктерді заңсыз сақтағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 283-бабының екінші бөлігінде (сәйкестендіру және (немесе) тіркеу-бақылау маркалары жоқ таңбалауға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы) көзделген әкімшілік істі қарады.
Жеке кәсіпкер Т. Петропавл қаласы, Интернационал көшесінде орналасқан гараж боксында «Пшеничная» арағы түріндегі 420 бөтелке және «Джек Даниэлс» виски түріндегі 47 бөтелке көлемінде акцизделетін алкоголь өнімін сәйкестендіру құралдарынсыз және тіркеу-бақылау маркаларынсыз сақтаған. 
Сотта Т. кінәсін мойындап, шынымен де 2014 жылдан бері жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін, бірақ алкоголь өнімдерін сақтауға және сатуға лицензия алмағандығын түсіндірді.
Сот қаулысымен жеке кәсіпкер Т. кінәлі деп танылып, алкоголь өнімі тәркіленіп, 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік бюджетке айыппұл салу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Тәркіленген алкоголь өнімдері жойылуға жатады.
Қайнар: 
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты