«Мемлекеттік қызметшінің әдебі» тақырыбына семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Ақжар аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызметшінің әдебі»  тақырыбына арналған семинар өткізілді. Тақырып бойынша Ақжар аудандық соты әкімшсінің басшы Г.Г. Темірбаева сөз сөйледі.

Аталған тақырыпта Ғалия Темірбаеваның баяндамасы тыңдалды. Баяндамада мемлекеттік қызмет  лауазымдарының орындаушы бола отырып, өзінің қызметін атқарғанда, қоғамда мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтап және азаматтардың алдында  өзінің жауапкершілігін сезініп қоғамдық сенімді бекітуге мүмкіндік туғызу қажеттігін айтып өтті.

Бүгінгі таңда сот жүйесіне деген сенімділікті арттыру үшін ерекше көңіл бөлінуде,  сондай-ақ, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша рөлін ұлғайту және қолжетімділігі мен ашықтығын жоғарылату.

Семинар қорытындысы бойынша сот әкімшісінің басшысы сот қызметкерлердің  алдында  мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіндегі қағидаларды қатал сақтану талабын қойып кетті.

 

Қайнар: 
Ақжар аудандық соты