Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Наурыз мейрамына орай салтанатты іс-шара өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ербол Жанғазин іс-шараны аша отырып, Қазақстан халқы үшін Наурыз сағынып күтетін ортақ мерекеге айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түскенін атап өтті.
«Биылғы жылы жалпыұлттық Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа форматы - «Наурызнама» онкүндігі аясында мәдениетіміздің ұлылығы мен санқырлылығын сипаттайтын, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған күндер өтуде», - деді Е.Жанғазин.
Сонымен бірге, жиналғандарды қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербар Қалиев, әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Серікбол Сапарғалиев, облыстық сот судьясы Юлия Иванова және Сот әкімшілігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  департаменті басшысының міндетін атқарушы  Арман Мұсаев құттықтады.
Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық соты