Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының негізінің алдын алу - сақтандыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының негізінің алдын алу – сақтандыру» тақрыбына семинарлық сабақ өтті.
Іс-шара өткізген уақытта судья Д.Н. Исмаилов баяндама оқыды, ол өз сөзінде, бүгінгі күні мемлекеттік қызмет аясын дамыту бағытында  және мемлекетік аппараты ақпараттандыру, шенеунік пен азаматтың тікелей қарым-қатынасын азайту және сыбайлас жемқорлық жасау жағдайын кемітуге бағытталған кешенді шаралар жүргізілгендігін атап кетті.
Жазадан құтылмау принципі табысты жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлық жасағаны белгілі болған шенеунік, оның алып отырған қызметіне және дәрежесіне қарамастан заңның барлық қатаңдығымен жаза тартады.
Қызметтік тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағандары үшін қылмыстық-құқық саясат қатаң жауапкершілікті қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлық үшін қатаң жаза қажеттігі Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейін аралықта құқықтық саясат Концепциясында қарастырылған.
Осындай түбегейлі жол Қылмыстық кодексте де жүзеге асырылған.Осымен сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған тұлғаларға ескіру мерзіміәсер етпейді, шартты түрде бас бостандығынан айыруға жол берілмейді, мемлекетік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарыс заңнама қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркілеу нормасымен толықтырылды.
Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін нақты төмендету тәсілімен, және мемлекетпен қоғамда оның туындауының себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған сақтандыру сипатындағы кешенді шараларға жетекші басымдық берілуі қажет. Яғни сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, оның алдын алу қажет.
Қазақстан қоғамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдебі мен мәдениеті «Мәңгілік ел» идеологиясының  төңірегінде қалыптастыру қажет. Дәстүрлі рухани құндылықтар мен озық халықаралық стандарттардың  үйлесімді сәйкестігі азаматтардың мінез-құлқының құқықтық қағидаларын қалыптастырады.
Сыбайлас жемқорлықты халықтың мәдениетке жат қылық ретінде тану және жақтырмау – біздің қоғамымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі.
Іс-шара соңында Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары мен мамандары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу сұрақтарын талқылады.
Источник: 
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты