Архив событий

28/07/2017

Қызылжар аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

28/07/2017
Қызылжар аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында, сот әділдігінің қолжетімділігі мен ашықтығын түсіндіру және бітімгерлік рәсімдер туралы «Ашық есік» күні өткізілді.   
Кездесу барысында кеңсе меңгерушісі Е.В.Нетесова келушілерді сот дауларын қарсы тараптардың талаптарын қанағаттандыра отырып бейбіт түрде шешуге болатындығы туралы ақпарат айтты, нақтырақ айтқанда бітістіру рәсімдерінің бір тәсілі - бітімгершілік келісім болып табылады.  

Сот отырыстарында аудио-бейне тіркеу жүйесін қолдану

28/07/2017
2017 жылдың 26 шілдесінде Петропавл қаласы №2 сотының ғимаратында   «Сот отырыстарын тіркеу үшін аудио-бейне жүйесін қолдану және сот отырыстарын уақтылы бастау» тақырыбына оқыту семинары өткізілді. Семинарлық сабақтың  жұмысына Петропавл қаласы №2   Солтүстік Қазақстан облысының ауданаралық экономикалық соттарының кеңсе меңгерушілері, сондай-ақ  бас мамандары-сот отырысының хатшылары  қатысты.
  Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Х. Дудаев баяндамамен сөз сөйледі.