Қызылжар аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қызылжар аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында, сот әділдігінің қолжетімділігі мен ашықтығын түсіндіру және бітімгерлік рәсімдер туралы «Ашық есік» күні өткізілді.   
Кездесу барысында кеңсе меңгерушісі Е.В.Нетесова келушілерді сот дауларын қарсы тараптардың талаптарын қанағаттандыра отырып бейбіт түрде шешуге болатындығы туралы ақпарат айтты, нақтырақ айтқанда бітістіру рәсімдерінің бір тәсілі - бітімгершілік келісім болып табылады.  
Бітімгершілік келісім жасау формасы, сонымен қатар осы процессуалдық шараларды өткізу әсері, бітімгершілік келісім заңға қайшы келмейтіндігін және де кімнің болмасын құқтарын, заңды мүдделері мен еркендегіне қайшы келмейтіндігін түсіндірді.
Медиация шартын жасау туралы тараптардың келісіміне екі жақтың тікелей өзара әрекеттесу ынтасымен, және де бір тараптың ұсынысы бойынша екінші тарапқа хат түрінде хабарлаған кезде ғана қол жеткізуге болады. Медиация тәртібі бойынша дауды шешу барысында тараптар  өз құқықтарын қорғау барысында ешнәрседен шектелмеген, олар бітімгершілік келесім жасау барысындағы құқыққа ие.   
Және де медиация процедураларын өткізу өзектілігін, дауларды соттан тыс шешу бойынша соттардағы және әкімдіктердегі медиация кабинетінің жұмысын тілге тиек ете кетті.
Медиация азаматтық, еңбек, отбасы және басқа құқықтық қатынастарға, сонымен қатар кішігірім және орта дәрежелі қылмыстық істер бойынша дауларға қолдануға болады.
Кездесу барысында кеңсе меңгерушісі Елена Нетесова қатысушылардың барлық туындаған сұрақтарына жауап берді.
 
Источник: 
Қызылжар аудандық соты