Архив событий

14/07/2017

М.Жұмабаев аудандық сотында: «АС «Төрелікте» сот статистикалық есептерін құру нұсқаулығын меңгеру» тақырыбында сот қызметкерлері арасында семинар өткізілді

14/07/2017
Семинар жұмысында кеңсе меңгерушісі А.К.Ниган «АС «Төрелікте» сот статистикалық есептерін құру нұсқаулығын меңгеру» атты тақырыпта есебін оқыды , ол ақпараттық есепке алу құжаттарын жүргізу, статистикалық мәліметтерді жинақтауын қамтамасыз ету 2017 жылдың 1 жартыжылдығынан бастап АС «Төрелік» жүйесі бойынша және статистикалық есептіліктің қолданыстағы нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті. 

Уәлиханов аудандық сотында 2017 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

14/07/2017
Уәлиханов аудандық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша сот төрелігін іске асыру жөніндегі жұмыстың қорытындысы жарияланған БАҚ үшін брифинг өткізілді. Брифинг барысында сот төрағасы Қ.К.Әлжанов, аталған мерзімде аудандық сотта 17 тұлғаға қатысты 16  қылмыстық іс қаралғанын, оның ішінде 8 тұлғаға қатысты үкім шығарылып, нақты жаза шараларына сотталды және 9 тұлғаға қатысты өндірістің тоқтатылуымен шешім қабылданғанын айтты.