Сот отырыстарында аудио-бейне тіркеу жүйесін қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
2017 жылдың 26 шілдесінде Петропавл қаласы №2 сотының ғимаратында   «Сот отырыстарын тіркеу үшін аудио-бейне жүйесін қолдану және сот отырыстарын уақтылы бастау» тақырыбына оқыту семинары өткізілді. Семинарлық сабақтың  жұмысына Петропавл қаласы №2   Солтүстік Қазақстан облысының ауданаралық экономикалық соттарының кеңсе меңгерушілері, сондай-ақ  бас мамандары-сот отырысының хатшылары  қатысты.
  Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Х. Дудаев баяндамамен сөз сөйледі.
Баяндамашы өз сөзінде инновациялық технологияларды кеңінен қолдану сот өндірісін жетілдірудің басты бағыттарының бірі болып табылатынын атап айтты. Алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануға, халықаралық тәжірибені пайдалануға негізделген, сот қызметін әрі қарай автоматтандыру және ақпараттандыру соңында жүргізіліп жатқан құқықтық саясаттың тиімділігін арттыруға, сот органдарының жұмысына қоғамның қанағаттану деңгейін жоғарлатуға, халықтың сотқа деген сенімін арттыруға ықпалын тигізеді. Сот отырыстарын аудио-бейне тіркеуге алуды енгізу және жазылған материалдарды бұдан әрі қарау сот процестері мәдениет деңгейін және процеске қатысушылардың тарапынан сотқа деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді, себебі бұл судьяның өзін, сонымен бірге процеске қатысушыларды тәртіпке үйретеді. Жазылған материалдарды кейіннен қарау сотқа, сотта анықталған мән-жайларды толық және егжей-тегжейлі көруге мүмкіндік береді, бұл сот қателіктеріне жол бермеуге ықпал етеді.
 Сот отырысын уақтылы бастау және міндетті тәртіпте барлық сот процестерінде аудио-бейне тіркеуге алуды қолдану қажеттілігі көрсетілді.
 Сот отырысының  хатшылары аудио-бейне тіркеу жүйесін қолданып, сот отырысын уақтылы бастау бойынша ұсынымдарды назарға алды.
Семинарлық сабақ нәтижесі бойынша аудио-бейне  тіркеу жүйесін қолданып, сот отырыстарын уақытылы бастау мақсатында ұсыныстар өңделді.
Семинардың соңында сот мамандарында сот отырыстарын аудио-бейне тіркеуге алу жүйесімен жұмыс барысында туындаған проблемалық мәселелерге жауап берілді.
Қайнар: 
СҚО бойынша Соттар әкімшісінің Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі
Тегтер: