Тайынша ауданының № 3 сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тайынша ауданының № 3 сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар өткізілді.
Төраға Т.Смағұлов өз сөзінде, сыбайлас жемқорлық мемлекет үшін ең қауіпті құбылыстардың бірі екенін, ол мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтінін айта келе, бұл мәселемен күресу тек құқық қорғау органдары ғана емес, әр-бір азаматтың міндеті және құқықбұзушылық әрекеттерді жасырмай хабарлап отыруы тиіс екендігін айтып өтті.
Сонымен қатар, төраға ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып осы келеңсіз құбылыспен күрестің мақсатын, міндеттерін, негізгі қағидаттары мен тетіктерін айқындаған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды қабылдағанын айтты.
Іс-шарада қатысушылар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді талқылады.
Семинар соңында қатысушылар талқыланған мәселелердің әрдайым назарда екендігін айтты.

 

Қайнар: 
Тайынша ауданының №3 соты
Тегтер: