Солтүстік Қазақстан облыстық сотында партисипативтік рәсім тәртібімен жеке кәсіпкерлер арасындағы дау реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жеке кәсіпкер К.-ге қатысты жеке кәсіпкер Ж.-ның мәмілені жарамсыз деп тану және соманы өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.
Талап қоюшы мен жауапкердің арасында жер учаскесін жалға беру мәмілесі жасалғаны анықталды. Талап қоюшы аталған мәмілені жарамсыз деп тануды және жауапкерден жалға алу ақысы есебінен өзі төлеген 1 600 000 теңгені өндіріп алуды сұрады, себебі мәмілені жасаған кезде жауапкер жер учаскесінің меншік иесі болмаған.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылды, жер учаскесін жалға беру мәмілесі жарамсыз деп танылды және талап қоюшының пайдасына жауапкерден 864 000 теңге өндірілді.
Апелляциялық сатыдағы сотта жауапкердің шағымын қарау барысында тараптар партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеуге ниет білдірді, оның шарты бойынша жауапкер талап қоюшыға 500 000 теңге көлемінде соманы төледі. Талап қоюшы өз кезегінде талап қою талаптарынан толық көлемде бас тартты.
Талапкерге 16 000 теңге көлемінде төленген мемлкеттік баж қайтарылды. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

 

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: