Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Астана күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Соттың төрағасы Ерлан Айтжанов  құттықтау сөзінде, бұл  мереке қазақстандықтар бірлігінің үлгісіне, Қазақстан Республикасының жетістіктерінің және егемендігінің, тұрақтылығымен біздің жас мемлекетіміздің  нарықтық өсуінің нышанына айналғанын атап өтті.
Тарихи қысқа мерзім ішінде  қала нарықтық және мәдени өмірдің орталығына айналды. Бұған дәлел 10 маусымнан 10 қыркүйек арасында  Астана қаласында өткізіліп жатқан мамандандырылған халықаралық ЕХРО – 2017 көрмесі. Астна қаласында ЕХРО – 2017  көрмесін өткізу  Қазақстанның  басты  жобасының бірі болып табылады. Еліміздің елордасында мұндай ауқымды   шараны өткізу Елбасының бастамасы екенін, областық сот төрағасы атап айтты.
Ерлан Айтжанов жиналғандарға денсаулық, табыс, бақ-береке мен амандық  тіледі.
Салтанатты түрде  облыстық соттың  судьясы Мұрат Мұқанов  сот жүйесіндегі көпжылғы еңбегі, сот төрелігін асырудағы табыстары, судьялар қоғамындағы қоғамдық жұмыстарға белсенділігі үшн  Қазақстан Республикасы судьялар Одағының «Үш би» құрмет белгісімен марапатталды.
Іс шара Қазақстанның елордасы Астана туралы деректі фильм көрсетілуімен аяқталды.

 

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: