Қылмыстық соттағы семинар сабағы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «ҚР Заңнамасын зерделеу» тақырыбына семинарлық сабақ өткізілді.
Іс шара барысында судья Д.Н. Исмаилов баяндама оқыды, ол өз сөзінде, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 09 сәуірінен №501 – V заңымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық кодекстеріне және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізілгенін атап кетті.
Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер жаза тағайындау, сонымен бірге, кәмілеттік жасқа толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жаза тағайындау сұрақтарын қозғады.
Қортындылай келе, Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьяларымен құқықтық нормаларды тәжірбиеде қолдану сұрақтары талқыланды.

 

Қайнар: 
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Тегтер: