Архив событий

13/06/2016

Жалған номермен автокөлік жүргізді

13/06/2016
Шал ақын ауданы соты  ҚР ӘҚБтК 590 б. 4 т.  бойынша азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қарады.
Сотпен азамат Б. жалған мемлекеттік номерлік белгілерімен автокөлік жүргізгендігі анықталды.
Сот қаулысымен Б. ҚР ӘҚБтК 590 б. 4 т.  бойынша құқықбұзушылық  жасағаны үшін  кінәлі деп танылды  және  оған мемлекет кірісіне 20 АЕК мөлшерінде,  яғни 42 420 теңге, әкімшілік айыппұл түріндегі жазалау тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енді.