Архив событий

15/06/2016

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

15/06/2016
Уәлиханов аудандық сотында ҚР-нің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 282б. 3б. 7т. бойынша азаматша К.  қатысты әкімшілік іс қаралды.  
Сотпен, 2016 жылдың 06 мамырда дүкенде Уәлиханов ауданы бойынша МКБ-ның лауазымды адамдары ЖК «К.»-нің 0,75 литр мөлшеріндегі алты бөтелке «Черный кот» шарабын ілеспе жүкқұжатсыз алькогольдік өнімді өткізу және айналым шарттарының бұзушылық фактысын тапты.

20 тәулікке қамауға алынды

15/06/2016
СҚО Қызылжар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК 608 б, 6 б. бойынша М. есімді азаматқа  қатысты әкімшілік іс қаралды. 
Сот «Джондеер»  маркалы тракторын М.есімді азамат мас күйінде жүргізіп Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Астана-Петропавл автожолының 468 км әкімшілік полиция қызметкерлерімен ұсталынғанын  анықтады.
Тексеру барысында М.есімді азамат көлік құралын жүргізуге құқысы жоқ екендігі анықталды.

Медиатордың көмегімен отбасылық жанжал реттелді

15/06/2016
СҚО Қызылжар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК 73 б, 1 б. бойынша К. есімді  азаматшаға  қатысты әкімшілік іс қаралды. 
Сот 2016 жылғы 24 мамырда К. есімді азаматша өз үйінде күйеуіне былапыт сөздер айтып жанжал шығарғанын  анықтады.
Сот процесінің барысында жәбірленуші және құқық бұзушы сотқа медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім ұсынды.
Сот қаулысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тоқтатылды. 

Жеке кәсіпкер 212 100 теңге мөлшерінде айыппұлға тартылды

15/06/2016
 Шал ақын ауданы сотымен  ҚР ӘҚБтК 462 б. 3 т.  бойынша жеке  кәсіпкер Б-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Сотпен азамат Б-ның дүкенінде жоспардан тыс тексеру барысында тауардың қауіпсіздігін  және бақылауын қамтамасыз ететін таурлық-көлік жөнелтпе құжатын ұсынбау түрінде  көрініс тапқан, тұрғындар саулығының  санитарлық-эпидемологиялық аясындадағы ҚР заңнамасын бұзғандығы анықталды.