Архив событий

28/06/2016

Қызылжар аудандық соты БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

28/06/2016
Қызылжар аудандық сотының ұжымы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелері- Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады.
Судья Г.Бексултанова журналистерді құттықтай отыра, қоғамға бірінші болып ақпаратты хабарлап, сот жүйесі туралы қоғамдық пікірді қалыптастыруда үлкен үлес қосатындарын атап өтті.

Соттын шешімі бойынша Ж. мәжбүрлеп емдеу үшін бағытталған

28/06/2016
«Аққайың орталық аудандық аурухана» ШЖҚ ЖЭО өтініші бойынша Ж. азаматын маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге бағыттау туралы Аққайың аудандық сотымен азаматтық іс қаралды.
Сотпен белгіленді: Ж. тұрғылықты мекен – жайы бойынша теріс сипатталады, спирттік ішімдікті қолданады, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жат өмір салтын қоғамға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелесуге және маскүнемдіктен емделуге Ж. жауап бермейді, өз еркімен емделуден бас тартады.

Солтүстік Қазақстан облысында облыстық соттың жаңа төрағасын таныстырды

28/06/2016
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес осыған дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған Ерлан Жұмаханұлы Айтжанов Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.