Архив событий

16/03/2017

Есіл аудандықсотында «Сот орындаушыларымен электронды өзара қызмет жасау барысындағы қиындық тудыратын сұрақтар» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

16/03/2017
 
Есіл аудандық сотында «Сот орындаушыларымен электронды өзара қызмет жасау барысындағы қиындық тудыратын сұрақтар» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстелдің» жұмысына кеңсе меңгерушісі Д.А. Касенова, сот орындаушылары, Есіл ауданының прокуроры қатысты.
Өзінің сөзінде кеңсе меңгерушісі Д.А. Касенова 2016 жылдың 16 наурызынан бастап соттардан атқару құжаттарын электронды түрде қабылдап алу қызметі іске қосылғанын айтты.

Өз баласына қамқорлық алиментін 1 миллион тенгеге артық қарыз болды

16/03/2017
Солтүстік – Қазақстан облысы  М. Жумабаев ауданының сотында «А» азаматына қатысты ҚРӘҚБК  669 б. сәйкес іс қарастырылды.
Іс мәліметінен, «А» азаматы баласына қамқорлық жасау алментін төлемеген, оны күнделікті кіріс жоқ екенімен түсіндіреді. Алимент қарызының сомасы 01.01.2017 жылға 1 197 383 тенге құрайды. «А» азаматы кінәсін толықтай мойындайды.
Сот қауылы бойынша «А» азаматы ҚРӘҚБК  669 б. сәйкес әкімшілік құқық бұзғанымен кінәлі деп танылып 2 тәулікке әкімшілік қамаумен айыпталды.

Алты жылдан астам Германия азаматы Қазақстанда тіркеусіз жүрген

16/03/2017
 Айыртау ауданының № 2 аудандық сотында көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 2 бөлігі бойынша азамат «В»-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Германия азаматы «В» 2011 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасына келіп, ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 1 бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей, Қазақстан Республикасында алты жылдан астам уақыт жүрген.  

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР АПК енгізілген өзгертулермен толықтыруларды зерделеді

16/03/2017
Кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  сот мамандарының қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын зертеу  туралы семинар сабақ өткізілді.

Діни әдебиеттерді заңсыз сату

16/03/2017
 Уәлиханов аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 490 бабының 1 б. 3 т. бойынша құқық бұзушы П-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Істің материалдарынан П. азаматы арнайы сатуға рұқсат берілген жерден тыс діни әдебиттерді және рұқсат берілген арнайы құжаттарынсыз заңсыз сатқаны анықталды. Сонысымен Қазақстан Республикасының заңдылығымен белгіленген діни әдебиеттерді тарату бойынша талаптарын бұзды.
Құқық бұзушы П.-ның іс-әрекеті ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңдылығын бұзғаны анықталды.

Тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан

16/03/2017
Уәлиханов аудандық сотында ҚР-нің ӘҚБтК-ң 463 б. 1 б. бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Г.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен, 2017 жылдың 17 ақпан айында Г. жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік кірістер басқармасынды тіркелмей, тұрғындарға өз меншік моншасын ақылы түрде қызметін ұсынып, заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысқан факт анықталды.

Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы мәселесі Айыртау аудандық сотында талқыланды

16/03/2017
Айыртау аудандық сотында «Татуласу келісімінде дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға аудандық сот судьялары, аудандық прокуратура өкілдері, адвокаттар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар партисипативтік рәсімнің  сот дауларына қатысты жетілдіру ерекшеліктерін талқылады.

Айыртау ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзерістер талқыланды

16/03/2017
Айыртау ауданының № 2 аудандық сотында, судьялар мен сот қызметкерлердін «Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзерістер» тақырыбы бойынша семинар өтті.

Өткізу режимін күшейту жайлы

16/03/2017
Ақжар аудандық сотында кеңсе меңгерушісі, сот мамандары және ҚР ІІМ «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ-і қызметкерлерінің қатысуымен, «Ақжар аудандық сотында ішкіобъектік және өткізу режимін күшейту» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.