Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР АПК енгізілген өзгертулермен толықтыруларды зерделеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  сот мамандарының қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын зертеу  туралы семинар сабақ өткізілді.
Төраға м.а. Д.Қайратұлы ҚР АПК-нің 149 бабына енгізілген өзгертулерге сәйкес арыз беруші сотқа талап арыз тапсырған кезде жауапкерлердің және үшінші тұлғалардың  саны бойынша талап арыз және ұсынылған құжат көшірмелерін ұсыну қажет. Содан кейін талап арызды қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде  сот отырысының хатшысы   жауапкерлерге және үшінші тұлғаларға талап арыз және ұсынылған құжат көшірмелерін тапсыруға тиісті.
Жауапкер талап арыз көшірмесін алған соң  он жұмыс күнінен кешіктірмей  сотқа талап арыз бойынша  сын-пікір ұсынуға тиісті.
Судья жапуапкермен сын-пікір  сотқа ұсынылғаннан кейін  судья үш жұмыс күні ішінде оны сотқа қатысушы тұлғаларға көшірмесін жолдау қажет.
Төраға м.а. Қайратұлы Д. сот отырысы хатшыларына талап арыз және оған қоса берілген құжат көшірмелерін  заңмен белгіленген мерзімде тараптарға уақытылы жолдау қажет кендігін қатаң ескертті..
 
Қайнар: 
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты