Есіл аудандықсотында «Сот орындаушыларымен электронды өзара қызмет жасау барысындағы қиындық тудыратын сұрақтар» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 
Есіл аудандық сотында «Сот орындаушыларымен электронды өзара қызмет жасау барысындағы қиындық тудыратын сұрақтар» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстелдің» жұмысына кеңсе меңгерушісі Д.А. Касенова, сот орындаушылары, Есіл ауданының прокуроры қатысты.
Өзінің сөзінде кеңсе меңгерушісі Д.А. Касенова 2016 жылдың 16 наурызынан бастап соттардан атқару құжаттарын электронды түрде қабылдап алу қызметі іске қосылғанын айтты.
Аталған өзара ықпалдасып қызмет жасау келесі алгоритмді көздейді. Сот АЖ «Төрелік» және АІЖО ААЖ бағдарламалары арқылы атқару құжаттарын орындау үшін электронды форматта әділет Департаментіне жібереді, ол жердегі жұмыс атқаруға жүктелгенқызметкер атқару құжаттарын өндірістің санаттарына қарай аумақтық бөлімдерге үлестіреді.
Жеке сот орындаушыларының құзыретіне жататын атқару құжаттары да  электронды түрде соттармен жеке сот орындаушыларының аумақтық палатасының басшыларына жолданады, олар өз кезегінде атқару құжаттарын аумақтың жеке сот орындаушылары арасында үлестіреді, немесе өндірушілердің өтініші арқылы тура жеке сот орындаушыларына жіберіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық сотымен атқару құжаттары      электронды түрде уақытылы жасалынады және де жоғарыда көрсетілген қызмет түрімен орындау үшін аумақтық палатаға жолданады. Атқару құжаттарының негізсіз қайтару фактілері де кездеседі,  жеке сот орындаушыларымен осы фактілер бойынша қайтарылу себептері талқыланды.
Кеңсе меңгерушісімен негізсіз атқару құжаттарының қайтарылуын мүлдем жою туралы мәселе көтерілді, себебі осындай әрекет жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының оның ішінде мерзімдерінің бұзылуына және т.б құқықтарының бұзылуына әкеліп соғады.
Сот орындаушысы А.В. Потапова өзінің сөзінде атқару құжаттарының қайтарылуының басты себебі болып (атқару құжаттарын қозғаудан бас тартудың) талапкер мен жауапкерге қатысты ақпараттардың дұрыс толтырылмауы, өнріп алу сомасының дұрыс көрсетілмеуі болып табылатындығын айтты. Негізсіз қайтарылулар бойынша шаралар қолданылатынын баяндады.
«Дөңгелек үстелдің» соңында қатысушылар аталған фактілерді жоюға өздерінің ұсыныстарын жасады.
Қайнар: 
Есіл аудандық соты