Архив событий

03/03/2017

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі Балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады

03/03/2017
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің ұжымы көктем мерекелерінің қарсаңында Петропавл қаласындағы «Балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кішкентай тәрбиеленушілеріне қонаққа барды.  
Кездесу барысында қызметкерлер балаларды және Балалар үйі ұжымын алдағы көктем мерекелерімен құттықтады. Соттар әкімшісі Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне материалдық көмек көрсетті. Облыс соттарының макулатураны тапсырудан түскен қаражатына балаларға арналған қажетті гигиеналық заттарды табыс етті.