Діни әдебиеттерді заңсыз сату

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 Уәлиханов аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 490 бабының 1 б. 3 т. бойынша құқық бұзушы П-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Істің материалдарынан П. азаматы арнайы сатуға рұқсат берілген жерден тыс діни әдебиттерді және рұқсат берілген арнайы құжаттарынсыз заңсыз сатқаны анықталды. Сонысымен Қазақстан Республикасының заңдылығымен белгіленген діни әдебиеттерді тарату бойынша талаптарын бұзды.
Құқық бұзушы П.-ның іс-әрекеті ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңдылығын бұзғаны анықталды.
Сотпен П. ҚР ӘҚБтК-нің 490 б. 1 б. 3 т. сәйкес кінәлі танылып,  оған 50 АЕК мөлшерінде, яғни 113450 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар: 
Уәлиханов аудандық соты