Айыртау ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзерістер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Айыртау ауданының № 2 аудандық сотында, судьялар мен сот қызметкерлердін «Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзерістер» тақырыбы бойынша семинар өтті.
Семинарды аша отырып сот төрағасы Қ.Ә.Әбубәкір, мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңына қол қойылғанын айтты. Құжатта Конституцияның 19 бабына 26 өзгерістер енгізілген. Өзгерістердің басты мәні биліктің тармақтарының уәкілеттілігін қайта бөліп, президентке тиесілі уәкілеттіліктің бірқатарын үкімет пен парламентке беру. Аталған өзгертулер, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.  
Төраға, адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын жаңа пәрменді тетігі әзірленгені туралы айтты. Жаңа бағыт, заңдар мен нормативтік құқықтық актілеріне оң әсерін тигізеді.
Семинардың соңында қатысушылар, Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзерістермен танысып, ұсынылған тақырып бойынша сұрақтарды талқылады. 
Қайнар: 
Айыртау ауданының №2 соты