Тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Уәлиханов аудандық сотында ҚР-нің ӘҚБтК-ң 463 б. 1 б. бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Г.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен, 2017 жылдың 17 ақпан айында Г. жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік кірістер басқармасынды тіркелмей, тұрғындарға өз меншік моншасын ақылы түрде қызметін ұсынып, заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысқан факт анықталды.
Сот отырысы барысында 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап жеке кәсіпкер ретінде айналасу туралы хабарламасын жібермей және тіркелмей кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырғанын Г. өз кінәсін толығымен мойындады.    
Сот қаулысымен  Г. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған 34 035 теңге мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұл салды.
Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.
Қайнар: 
Уәлиханов аудандық соты