Өткізу режимін күшейту жайлы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Ақжар аудандық сотында кеңсе меңгерушісі, сот мамандары және ҚР ІІМ «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ-і қызметкерлерінің қатысуымен, «Ақжар аудандық сотында ішкіобъектік және өткізу режимін күшейту» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Өз созінде аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Ғ.Темірбаева қатысушылардың назарын өткізу режимі мен сот ғимаратын бақылауды күшейту, тиым салынған заттарды кіргізуді болдырмау жұмыстарын жетілдіру қажеттігіне назарларын аударды. Сонымен қатар кеңсе меңгерушісі барлық мамандардық мемлекеттік қызметшілердің этика кодексін бұлжытпай ұстануды, еңбек және орындаушылық тәртіпті мүлтіксіз сақтауды, қырағылықты күшейтуді талап етті.   
Семинар соңында қатысқан мамандар қойылған сұрақтарына жауап алды, өткізу режимі тәртібін қатаң ұстану бойынша ұсыныстар қаралды.
 
Қайнар: 
Ақжар аудандық соты