Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы мәселесі Айыртау аудандық сотында талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Айыртау аудандық сотында «Татуласу келісімінде дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға аудандық сот судьялары, аудандық прокуратура өкілдері, адвокаттар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар партисипативтік рәсімнің  сот дауларына қатысты жетілдіру ерекшеліктерін талқылады.
Сот төрағасы А.Шәмшінұрова дөңгелек үстелді аша отырып,дауларды шешуде судьяның қатысуынсыз, әр тарап адвокаттарының қатысуымен келіссөздер арқылы жүргізілетін баламалы тәсілдердің бірі – партисипативтік рәсімдер туралы атап өтті.АІЖК 177 бабына сәйкес сот қарау нәтижелері бойынша татуласу келісімін бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату не татуласу келісімін бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар татуластыру рәсімдері бойынша өз ойларымен бөлісті, оларды жетілдіру және кеңінен қолдану жөнінде өзара  пікір алмасты.
Қайнар: 
Айыртау аудандық соты