Уәлиханов аудандық сотында 2017 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Уәлиханов аудандық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша сот төрелігін іске асыру жөніндегі жұмыстың қорытындысы жарияланған БАҚ үшін брифинг өткізілді. Брифинг барысында сот төрағасы Қ.К.Әлжанов, аталған мерзімде аудандық сотта 17 тұлғаға қатысты 16  қылмыстық іс қаралғанын, оның ішінде 8 тұлғаға қатысты үкім шығарылып, нақты жаза шараларына сотталды және 9 тұлғаға қатысты өндірістің тоқтатылуымен шешім қабылданғанын айтты.
195 азаматтық іс қаралды, оның ішінде шешім  шығарумен - 55 іс, сот бұйрығын шығарумен - 92 іс, тоқтатылды - 31 іс, оның ішінде 18 іс бейбітшілік  келісім қорытындысымен  аяқталды, медиаия бойынша 10 іс.
93 әкімшілік іс қаралды, оның ішінде 82  тұлғаға  қатысты әкімшілік айыппұл салу жөнінде, 11 тұлғаға қатысты іс  бойынша өндірісті тоқтату жөнінде  қаулы шығарылды. Істер  бойынша 19 жеке қаулы және ұйғарым шығарылды. Сотпен шығарылған  сот актілерін қайта қарауға  шағым жасалмады және  барлығы да заңды күшіне енді. 2016 жылдың дәл осы мерзімі бойынша салыстырғанда, 2017 жылы қаралған азаматтық істердің санының көбейгендігі байқалады. Қылмыстық және әкімшілік істер  бойынша 2016 жылмен салыстырғанда істер санының азайғандығы көрінеді.
Брифинг  барысында сот төрағасы электрондық сот өндірісінің ақпараттық технологиялары  жөнінде айтты. «Сот кабинеті» сервисін әрі қарай жаңғырту және жетілдіру бойынша міндеттерді іске асыру барысында, Жоғарғы  сотпен  ұтқыр құрылғылардың көмегімен, сот органдарымен ұсынылатын сервистерге қол жеткіздіретін, Ұтқыр «Сот кабинеті» қосымшасы әзірленді.
Іс –шара соңында сот төрағасы Қ.К.Әлжанов БАҚ өкілінің қойған сұрақтарына жауап берді.
Источник: 
Уәлиханов аудандық соты
Теги: