Сотты құрметтемеушілік үшін үш тәулік әкімшілік қамаққа алу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат Х. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 653 б. 1 б. әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды.
2016 жылдың 19 мамыры  9 сағат 30 минутте азамат Х., ҚР ӘҚБтК 127б. 1 б. бойынша  әкімшілік құқықбұзушылық туралы істің  қаралатындығын біле тұра сот отырысына  алкогольді масаң күйінде келген, сонымен  ҚР ҚБТК-нің 653б. 1б.  көзделген сотты құрметтемеушілік  әрекеттерін жасады.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен азамат Х. ҚР ӘҚБтК-нің 653 б. 1 б. бойынша көзделген  әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершіліккке тартылды, оған 3 тәулік әкімшілік қамаққа алу тағайындалды. 
Қаулы заңды күшіне енген жоқ

 

 
Қайнар: 
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Тегтер: