Архив событий

06/05/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Жеңіс күні салтанатты түрде атап өтілді

06/05/2016
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында, сондай-ақ облыстың барлық аудандық және оған теңестірілген соттарында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын атап өтуге арналған салтанатты іс-шаралар өткізілді.
Солтүстік Қазақстан облысы судьяларының атынан «Мәңгілік алау» Даңқ мемориалы алдына гүлдесте мен гүл шоқтары қойылды. Салтанатты рәсімге облыстық соттың төрағасы, судьялары, соғыс және тыл ардагерлері, сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Уәлиханов аудандық соты еңбек ардагерін құттықтап шықты

06/05/2016
Жеңістің 71 жылдығын тойлау құрметіне Уәлиханов аудандық сотының ұжымы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл селосында тұратын Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккеріне Малика Ташқызы Тұрғымбаеваға кіріп шықты.

Петропавл қаласының № 2 соты ардагерді құтықтады

06/05/2016
Петропавл қаласының № 2 сотының ұжымы Ұлы Жеңістің 71 – жылдығына Борков Алексей Кирилловичты Ұлы Отан соғысының ардагерін құтықтады.
Борков Алексей Кириллович, 1922 жылы туылған. Солтүстік Қазақстан облысы Володарский ауданы Кутузов селосында өмірге келген. 1942 жылы 01 қаңтарда майданға шақырылған. 1944 жаралғанына байланысты қайта оралған.