Архив событий

31/05/2016

Темекі қалдығын тастаған үшін жазаланды

31/05/2016
Ақжар аудандық сотымен азамат Ж-ге қатысты ҚРӘҚтК 434 бабы 2 б. сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Сот отырысында, Ж аз-ты, бір жылдың ішінде осыған ұқсас құқықбұзғаны үшін жазаланып, Ақжар ауданында Майское селосында Мәдениет үйінің маңында темекі шегіп тұрып темекі қалдығын тастады және сол қылығымен айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп қоғамдық орынды ластағандығы анықталды. .

Қызылжар аудандық сотының қызметкерлері мереке қарсаңында мүгедек балаға барып шықты

31/05/2016
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық сотының  қызметкерлері 1 маусым- Балаларды қорғау күні балалардың церебральді сал ауруымен ауыратын 13 жасар ұлын Мадиярды тәрбиелейтін жалғыз басты ана Айнагуль Сабитоваға барды.
Кездесу барысында баласы Мадияр ауруына қарамай жабырқамайтынын,  әрқашан позитивті көңіл-күйде болатынын, оқуды үйде оқитынын, комьпютерлік ойындар ойнайтынын, кітаптар оқитынын және құрдастарымен араласатынын анасы айта кетті.