Қызылжар аудандық сотының қызметкерлері мереке қарсаңында мүгедек балаға барып шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық сотының  қызметкерлері 1 маусым- Балаларды қорғау күні балалардың церебральді сал ауруымен ауыратын 13 жасар ұлын Мадиярды тәрбиелейтін жалғыз басты ана Айнагуль Сабитоваға барды.
Кездесу барысында баласы Мадияр ауруына қарамай жабырқамайтынын,  әрқашан позитивті көңіл-күйде болатынын, оқуды үйде оқитынын, комьпютерлік ойындар ойнайтынын, кітаптар оқитынын және құрдастарымен араласатынын анасы айта кетті.
Қызылжар аудандық сотының ұжымы Мадиярды мерекемен құттықтап,  материалдық көмек көрсетті және баланы өз қамқорлықтарына  алатындарын хабарлады.
Өз тарапынан баланың анасы көңілдеріне және қамқорлық жасағандарына алғыс білдірді.

 

 

Қайнар: 
Қызылжар аудандық соты
Тегтер: