Сот актілерінің орындалу сұрақтары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот актілерінің орындалу сұрақтары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Мәлім болғандай, атқару өндірісі азаматтардың құқықтарын қорғау және оны қамтамасыз ету нысандарың бірі болып табылады, себебі, оның міндеттері сот актілерін уақытылы орындалуы болып табылады.
Дөңгелек үстел барысында атқару құжаттарын орындау барысында қиыншылықтарға әкеліп соқтыратын нақты мәселелерді шешу жолдары талқыланды.
Мемлекет кірісіне енетін сомалардың ұзақ уақыт бойы орындамау себебінің ең басты мәселесі сотқа «өндірудің мүмкін еместігі туралы актінің негізінде қайтарылды» деген белгімен, атқару өндірісін қайтару туралы сот орындаушының қаулысы бойынша атқару парақтарының қайтарылатынына байланысты.
Дөңгелек үстел қатысушыларының назары сот актілерін орындау бойынша жұмыс сапасын көтеруге пәрменді шаралар қолдану қажеттігіне, мемлекет кірісіне өндірілетін соммалар туралы  атқару өндірісін орындаған кезде формалды тәсіліне жол бермеуге аударылды.
Талдауды қорытындылай келе, дөңгелек үстелге қатысушылар сот акілерін уақытылы және міндетті түрде орындау, құқықтық мемлекеттің сөзіз көрсеткіші болып табылатынын мойындап, сот жүйесіне сенімді көтеруге мүмкіндік туғызатыны, сот актілерін дұрыс және уақытылы орындау мақсатымен қамтамасыз ету, қоғамда сот жүйесінің беделін күшейту, атқару өндірісі орган жұмысының сапасын көтеру және құқықтың бұзылғандығына немесе таласқа түсуіне шынайылық қорғауын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар қабылданды.

 

 

Қайнар: 
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Тегтер: