Архив событий

08/07/2016

Петропавлда полиция қызметкеріне қатысты күш қолданғаны үшін құқық бұзушы жазаланды

08/07/2016
Петропавл қалалық сотында ҚР ҚК-тің 380-бабы 1-бөлігімен (билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыптау бойынша Карен Рубикович Унанянға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот 2016 жылғы 19 наурызда К.Р. Унанян «Reng Rover» маркалы автокөлігімен автожолдың жиегінде тоқтап, жаяу жүрушіге рұқсат етілмеген жолдан өткенін анықтады.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауда соттың рөлін талқылады

08/07/2016
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Кәсіпкерлердің құқықтарын сот арқылы қорғау. Тиімділігі. Проблемалары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстелдің» жұмысына судьялар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, медиаторлар, адвокаттар, сот орындаушылары, Кәсіпкерлер палатасының, прокуратураның, Әділет департаментінің өкілдері, сонымен бірге Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері қатысты.   

Қылмыстық процесте азаматтық талап арызды қарастыру

08/07/2016
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық судьялардың қатысуымен «Қылмыстық процестегі азаматтық талаптарды қарау мәселелері» тақырыбында семинарлық сабақ  өкізілді.

Ақжар аудандық сотының сот төрелігін атқару жұмысы жөнінде персс конференция

08/07/2016
Ақжар аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтіп, аталмыш іс-шара барысында 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында Ақжар аудандық сотының сот төрелігін атқару жұмысы қорытындыланды.
Сот төрағасы Н.Ә. 2016 жылдың 1- ші жартыжылдық статистикалық мәліметтерін келтіріп өтті.
Атап айтқанда, Ақжар аудандық сотында барлығы 361 іс пен материалдар қаралды, оның ішінде: 26 тұлғаға қатысты 26 қылмыстық іс, 98 азаматтық іс, 181 тұлғаға қатысты 181 әкімшілік іс  қаралды.