Пікіріңізді білдіріңіз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Судьялыққа кандидаттаға қойылатын жаңа талаптар шеңберінде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикамсының Жоғары сот Кеңесі туралы» заңына сәйкес тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамашы-кандидатқа 1 жылға дейінгі еңбек өтілі бар аудандық және оған теңестірілген сот судьясы лауазымдық айлықақысының 70 %-ы мөлшерінде жалақының белгіленген сомасы төленеді.
Кандидаттардың тағылымдамадан өтуі үшін бос орындар жөніндегі хабарландыруға байланысты Солтүстік Қазақстан облыстық сотына 2 судьялыққа кандидат тағылымдамадан өтуге рұқсат ету туралы арыздарын жолдаған.
Судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі үшін іріктеу комиссиясының отырысы тағылымдамадан өту үшін рұқсат ету туралы арыз берген тұлғаларға қатысты ақпарат жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Судьялыққа кандидаттарға қойылатын жоғары талаптар аясында тағылымдамадан өту үшін бос орындарға үміткер тұлғалардың іскерлік, кәсіби, жеке және моральдық қасиеттерін зерделеу мақсатында төмендегі тұлғалар бойынша немесе олардың жақын туыстарына қатысты өздеріңіздің пікірлеріңізді, ойларыңызды, ұсыныстарыңызды немесе қандай да бір ескертулеріңізді білдірулеріңізді сұраймыз.
 
Аты-жөні
Лауазымы
1
Жанна Мухтаровна Кулакбаева
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Ветеринария бөлімі» ММ ШЖҚ «Ветеринарлық станциясы» МКК заңгері
2
Еркегүл Еңбекқызы Ишмұхамбетова
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы сотының кеңсе меңгерушісі
 
Пікірлеріңіз бен ойларыңыз 2016 жылғы 12 тамызға дейін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Конституциясы көшесі, 3 мекенжайы бойынша қабылданады, байланыс телефоны: 55-11-50, 55-11-91.

 

 

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің Персоналды басқару бөлімі
Тегтер: