Облыстық сотта Астана күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында алдағы Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Кездесуді ашқан облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов бұл  мереке қазақстандықтар бірлігінің үлгісіне, Қазақстан Республикасы жетістіктерінің нышанына айналғанын атап өтті.
Бүгінгі Астана – барлық Қазақстанның инновациялық ұйытқысы болып,  еліміздің жаңа рухани-мәдениет орталығына айналды. Мұнда әлемде теңдесі жоқ  «Қазақстан» және «Астана Опера» концерт залдары салынған. Астана – барлық қазақстандықтар бірлігінің нышаны.
EXPO-2017 дүниежүзілік көрмесін өткізу – Астананың әлеуетті мүмкіндігін тану деп санауға болады.
Облыстық соттың төрағасы атап көрсеткеніндей, Қазақстанның астанасы – Астана қаласы бүгінгі таңда еліміздің әкімшілік орталығы ғана емес, Қазақстанда болып жатқан жаңа өзгерістердің шынайы нышаны. Жаңа астананың жылнамасы жалғасуда. Мұнда жаңа ғасырдағы ұлт тарихының хроникасы қалыптасады.
Ерлан Айтжанов жиналғандарға денсаулық, табыс, бақ-береке мен амандық  тіледі.
Отставкадағы судья И.З.Қуанова «Судьялар одағының құрметті мүшесі» құрмет атағымен, Тимирязев аудандық сотының төрайымы Г.Е.Әлжанова мен Петропавл қалалық сотының төрағасы Е.Қ.Қалиев облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2011-2016 жылдары Судьялар одағының Солтүстік Қазақстан филиалын басқарған қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы В.А.Кириленко «Заңгер» журналына 2016 жылға жазылуды сапалы түрде ұйымдастырғаны үшін марапатталды.
Сондай-ақ дәл осы күні азаматтық істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану жөніндегі аудандық және оған теңестірілген соттың жұмысын үздік ұйымдастыру байқау-конкурсының қорытындысы шығарылды. Бірінші орынды -  Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның №2 аудандық соты, екінші орынды – Петропавл қаласының №2 соты, үшінші орынды – мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот пен Тайынша ауданының №2 аудандық соты иеленді.
«Татуластыру рәсімдерін қолдану жөніндегі үздік судья» номинациясындағы конкурс қорытындысы бойынша татуластыру рәсімдерін қолданумен ең көп  азаматтық істерді аяқтаған мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Т.С.Вьюхова атап өтілді.
Бұған қоса облыс соттарының аумағын көгалдандыру және көркейту конкурсының жүлдегерлері марапатталды. Бірінші орынды – Айыртау ауданының №2 соты, екінші орынды – Тимирязев аудандық соты, үшінші орынды  - Шал ақын ауданының соты иеленді.
Барлық жүлдегерлерге грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.
Іс шараның соңында Қазақстанның елордасы Астана туралы деректі фильм көрсетілді.

 

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: