Б.С. Амоевқа қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз релизі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік қазақстан облысының Петропавл қалалық сотымен Б.С. Амоевті жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені және  қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жеке айыптаушы В.И. Шмаковтың жеке шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.
Сот үкімімен  2015 жылдың 20 ақпанында 17 сағат 20 минутте  Петропавл қаласында  «Биғайша» сауда үйінің жанында В.И. Шмаков өзінің «Mitsubishi Outlander» автокөлігінде жолдасын тосып отырғаны анықталды.
Сол  уақытта  оның автокөлігінің  қарсы жол бағытына, сол жағынан «Toyota Land Cruiser» автокөлігі тоқтады, автокөліктің алдыңғы жолаушы орнында  маскүйінде Б.С. Амоев отырды.
Бұрын жеке көрінішті қарым-қатынаста болған В.И. Шмаковті көріп, Б.С. Амоев В.И. Шмаковті қорлай бастаған, оған жағымсыз балағат сөздер айтқан, содан кейін  автокөлігінен шығып В.И. Шмаковқа жақындап, автокөліктің ашық терезесінен соңғының бетіне жанған темекіні жақындатқан, соның салдарынан жәбірленушінің жоғарғы ерні күйіп денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.
Содан кейін Б.С.Амоев оқиға орнынан жалтарған.
Сот үкімімен Б.С. Амоев ҚР ҚК-нің 108 (денсаулыққа қасақа жіңіл зиян келтіру)  және 131б. 1 б. (қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадір қасиетіне әдепссіз түрде кемсіту) көзделген қылмыстық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 198200 теңге (АЕК 100) мөлшеріндегі айыппұлға сотталған.
Б.С. Амоевтан моральдық зиянды өтеу есебіне В.И. Шмаковтың пайдасына 100000 (жүз мың) теңге өндірілді.
 
Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі