Сот есіктерін ашты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
   2014 жылғы 26 наурызда Петропавл қалалық сотында сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін нығайту мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шараға қатысуға ниет білдіргендер өздерін көптен қызықтырған сұрақтарын қойып, барынша толық жауап алды.
   Атап айтқанда, сотқа келгендердің бірі: «2006 жылы қолхат бойынша сатылған тұрғын үйге меншік құқығын тану мәселесі бойынша қандай құзырлы органға жүгіну қажет?» деген сұрақ қойды.
   Бұл сұраққа тұрғын үйді сатып алу-сату шартын жарамды деп тану туралы талап арызбен аталмыш мүлік орналасқан жердегі сотқа жүгіну қажеттігі туралы пайымдалды.
   Сонымен бірге келушілерге сот жүйесінің құрылымы, азаматтардың сот ғимаратында жүріп-тұру ережесі, қылмыстық істі Қазақстан Республикасының    Қылмыстық кодексінің 67-бабы бойынша жәбірленушінің сотталушымен татуласқанына байланысты және т.б. себептермен қысқарту рәсімі түсіндірілді.
 
   Петропавл қалалық соты