Архив событий

05/03/2014

Саламатты өмір салтын қолдай отыра

05/03/2014

 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2014 жылдың 1 наурызында Судьялар Одағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Денсаулық күні» спорттық іс-шарасын ұйымдастырды.

Өзекті мәселелерді талқылады

05/03/2014

   Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2014 жылғы 28 ақпанда «Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына СҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы мен судьялары Касеинов Б.Б., Қайратұлы Д., Капаров М.Е., Петропавл қ. ІІБ әкімшілік полиция бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Мугжанова Д.А., СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Касымгожина К.К., СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы Лысакова Л.И., Петропавл қ. прокурорының көмекшісі Гайсин Б.Б., облыстың әр аудандық ІІБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлары және де бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.    

Әкімшілік сот ашық есік күнін өткізді

05/03/2014

   Қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы сот ісін жүргізудің ашықтығы мен тазалығын нығайту, сонымен бірге тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ашық есік күнін өткізді. Бұл күні сотқа Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті заң факультетінің студенттері, банк жүйесінің қызметкерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келді.

Жазаны тағайындау ерекшеліктері

05/03/2014

 Солтүстік Қазақстан облыстық сотында оқу орталығының негізінде аудандық және оған теңестірілген сот судьяларының, жас судьялардың және судьялыққа кандиттардың қатысуымен «Жазаны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 13, 53, 59 баптарының талаптарын ескере отырып тағайындау ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді.