Архив событий

19/03/2014

Салауатты өмір салтын ұстанамыз

19/03/2014

   Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық- бір ел-бір тағдыр» атты Қазақстан халқына Жолдауында салауатты өмір салтының және спорттың рөлін ерекше атап көрсетті. Сонымен қатар Елбасының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты тұрақты дамыту мақсатында "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Бұл бағдарлама халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, барлық санаттағы және топтағы тұрғындардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына жағдай жасауға бағытталған.