Архив событий

17/03/2014

Медиацияны дауларды шешудің балама тәсілі ретінде қолдану

17/03/2014

    Солтүстік Қазақстан облыстық сотында аймағымыздың кәсіби және кәсіби емес медиаторларының, прокуратура, әкімдік, адвокатура, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері өкілдерінің қатысуымен «Дауларды шешудің балама тәсілдері жүйесіндегі медиация» тақырыбында семинар өтті. Осындай семинардың алғашқы рет қашықтықтан өткізілгені айшықты оқиға болды. Кәсіби емес медиаторлар аудандық және оған теңестірілген соттардың ғимараттарынан онлайн-байланыс арқылы осы соттардың төрағаларымен бірге іс-шараны бақылап, оның толық құқылы қатысушысы болуға мүмкіндік алды.  

Есірткіге қатысты қылмыстар бойынша көкейкесті мәселелер талқыланды

17/03/2014

  Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2014 жылғы 14 наурызда Солтүстік Қазақстан облыстық соты оқу бағдарламаларының үйлестірушісі Г.Қ.Бекенованың, прокуратура және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Есірткі заттарын сатумен байланысты қылмыстарды саралау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.