Архив событий

26/03/2014

Сот есіктерін ашты

26/03/2014
   2014 жылғы 26 наурызда Петропавл қалалық сотында сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін нығайту мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шараға қатысуға ниет білдіргендер өздерін көптен қызықтырған сұрақтарын қойып, барынша толық жауап алды.
   Атап айтқанда, сотқа келгендердің бірі: «2006 жылы қолхат бойынша сатылған тұрғын үйге меншік құқығын тану мәселесі бойынша қандай құзырлы органға жүгіну қажет?» деген сұрақ қойды.

БАҚ үшін анонс

26/03/2014
   Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2014 жылғы 27 наурызда сағат 15-00-де «Ата-аналардың құқығынан айыру, шектеу және қалпына келтіру туралы азаматтық істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында, сонымен қатар e-gove электронды порталы арқылы сотқа талап арыздарды беру тәртібі бойынша семинар өткізеді.
   Өту орны: Петропавл қ. Горький к., 209А қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың мәжіліс залы.