Сот қызметі жөніндегі ең үздік жариялым бойынша журналистік жұмыстардың конкурсы туралы ЕРЕЖЕ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Сот қызметі жөніндегі ең үздік жариялым бойынша журналистік жұмыстардың конкурсы туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
Соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара тиімді байланысы – бұл қоғам мен азаматтардың мүдделерін қорғайтын өркениетті ынтымақтастықтың үлгісі. Жариялық және сот ақпаратына қолжетімділік қағидасына сәйкес істерді қарау сот қызметінің басым бағыты болып табылады. Соттардың жан-жақты қызметін, судьялардың жеке басының қасиеттері мен кәсіби біліктілігін танытуда бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны ерекше.
Соттардың қызметі туралы азаматтарды ақпараттандыру деңгейін көтеру, олардың даулы жағдайларды шешудің құқықтық әдістеріне сенімін арттыру,  судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судья лауазымына білікті кадрларды дайындау мәселелеріне бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару мақсатында Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы, Қазақстанның Журналистер Одағы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау Халықаралық қоры сот қызметі жөніндегі ең үздік жариялым бойынша журналистік жұмыстарға конкурс жариялайды.
 
Конкурстың номинациялары
Конкурс мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:
Республикалық басылымдардағы сот қызметі туралы ең үздік жариялым.
Аймақтық басылымдардағы сот қызметі туралы ең үздік жариялым.
 
Конкурстың шарттары
Конкурсқа ұсынылатын материалдар 2014 жылғы 1-ші ақпаннан 20-шы қарашаны қоса есептеген кезеңде баспасөз басылымдарында жариялануы тиіс.
Конкурсқа сот қызметі және оның қоғамдағы заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайтудағы рөлі, сот ісін жүргізудің тәрбиелік және профилактикалық рөлі жөніндегі журналистік жұмыстар, моральдық-адамгершілік тақырыптағы очерктер, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, олардың мәртебесін нығайту мәселелері туралы жариялымдар, сондай-ақ, қоғам игілігі жолдында қызмет етіп жүрген судьялардың ауыр, сонымен бірге мәртебелі еңбегін сипаттайтын материалдар қатыстырылады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурс номинациясының атауы, материалдың атауы, жарияланған күні, қысқаша аңдатпасы, авторы туралы (Т.А.Ә., жұмыс орны, кәсібі, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық мекенжайы) мәліметтер жазылған өтініш (ерікті нысанда) ұсынады.
Өтінішке, қосымша ретінде, автор материалы жарияланған газет немесе журналдың түпнұсқасы немесе редакциялық мөрмен куәландырылған көшірмесі, сондай-ақ оның электрондық нұсқасы (CD-дискіде) ұсынылады.
Жұмыстар екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
 
Конкурстың қорытындысын шығару
 
Конкурстың қорытындысы 2014 жылғы 1-ші желтоқсанға дейін шығарылады.
Қазылар алқасы үш жүлделі орынды анықтайды және жеңімпаздарды марапаттайды.
Бірінші орынға – ноутбук;
Екінші орынға – фотоаппарат;
Үшінші орынға – цифрлық диктофон.
Конкурс жөніндегі сұрақтар бойынша кеңестер мен анықтамаларды Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз орталығында: 8-7152-368460 телефоны арқылы, press@t.sud.kz электрондық мекенжай арқылы алуға болады.
Конкурсқа материалдарды «журналистік жұмыстардың конкурсына» жазуы белгісімен келесі мекенжай бойынша ұсыну қажет: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көш., 3-үй, Солтүстік-Қазақстан облыстық соты.