Солтүстік Қазақстан облыстық сотында судьяларды отставкаға кетумен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында облыстық соттың судьялары Рабиға Нұржанқызы Қоқанованың, Любовь Владимировна Воротынцеваның, Александр Владимирович Зенковскийдің және Болат Қатбайұлы Кенженовтің құрметті отставкаға кетуіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты жиналыс облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетайдың құттықтау сөзімен басталды. Ол судьяларға көп жылдық адал еңбектері үшін алғыс білдіріп, денсаулық тіледі. Сот төрелігін және сот жүйесін дамытуға, судьялар қоғамын қорғау және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қосқан үлестерін, лауазымдық міндеттерін адал атқарғанын атап өтті.
Елбасының игі бастамалары мен дана саясаты арқасында бүгінде «100 нақты қадам – Ұлт Жоспары» іске асырылуда, соның ішінде алдағы сот жүйесінің реформасы. Бұл мемлекеттік билік органдарының жалпы жүйесіндегі осы реформаның әрекет етуінің маңыздылығын, азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтарын қорғау және қалпына келтіру ісіндегі соттардың рөлін көрсетеді, - деп атап өтті Мұратғали Әкетай.
Р.Н.Қоқанованың судья қызметіндегі еңбек өтілі 25 жылдан астам. Жұмыс кезінде Рабиға Нұржанқызы өзін жоғары кәсіби судья ретінде көрсетті. Тәжірибесі мол судья. Облыстық соттың Жалпы отырысының хатшысы, Консультативтік кеңесінің мүшесі, ұзақ уақыт облыстық сот судьяларының тәртіптік-біліктілік алқасының мүшесі  болып қызмет атқарды. Р.Н.Қоқановаға «2010 жылғы облыстың үздік судьясы» атағы берілді. Ол «Үш би» құрмет белгісімен, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медалімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтой медалімен марапатталған.
Л.В.Воротынцеваның судья қызметіндегі еңбек өтілі 20 жылдан астам. Өзін жоғары білікті заңгер, адал, ұқыпты жұмыскер және ұстанымшыл судья ретінде көрсетті. Үлкен қоғамдық жұмысты жүргізіп, Судья әдебі жөніндегі комиссияның, Тәлімгерлер кеңесінің, кадр резерві жөніндегі комиссияның мүшесі болып еңбек етті. Судьялар Одағының «Судьялар Одағының құрметті мүшесі», «Үш би» құрмет белгілерімен марапатталған.
А.В.Зенковскийдің судья қызметіндегі еңбек өтілі 21 жылдан астам. Сот төрелігін іске асыру бойынша тәжірибелік қызметін оқытушылық және іздестіру жұмысымен үйлестіре білді, үнемі өзінің кәсіби деңгейін арттырумен айналысты.
Бірқатар жарияланымдары бар және бірнеше ғылыми оқу құралының серіктес авторы.
«Сот жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Үш би» құрмет белгісімен, «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Б.Қ.Кенженовтің судья қызметіндегі еңбек өтілі 22 жылдан астам. Білікті заңгер. Судьялар қоғамының спорт өміріне белсенді түрде қатысты.
Р.Н.Қоқановаға, Л.В.Воротынцеваға, А.В.Зенковскийге, Б.Қ.Кенженовке таңдалған кәсіпке деген адалдықтары, мінсіз қызметтері, жоғары кәсіби деңгейлері, жеке басының қасиеттері үшін алғыс сөздер мен ризашылық айтылды.  
Отставкаға кетіп бара жатқан судьялар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының және облыстық соттың басшылығына үнемі көрсетілген қолдау мен сенім үшін, сондай-ақ судьяларға бірге жұмыс істеген жылдар үшін алғыс білдірді. 
Іс-шараның соңында отставкаға кетіп бара жатқан судьяларға құнды сыйлықтар мен гүлдер табыс етілді.   

 

 

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі