Ізгі дәстүр

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облыстық соты Кеңсесінің қызметкерлері «Облыстық қан орталығы» жыл сайын өткізетін «Донор күніне» кезекті рет ат салысты. Облыстың сот жүйесі қызметкерлері үшін қанды және оның құрамындағы компоненттерді тапсыру ізгі дәстүрге айналған.
Қан қою көптеген адамдардың өмірін құтқаруға басты мүмкіндіктердің бірі болып қала береді. Күйген немесе жарақат алған жандарға күрделі ота жасау кезінде, сондай-ақ онкологиялық және гематологиялық ауруларға душар болған науқастарды емдеу барысында қан қажет болады.
Кеңсе қызметкерлері жаппай тегін қан тапсыруды дамыту миллиондаған адамдардың өмірін арашалауға жол ашады деп санайтынын атап өтті. Сол себептен де олар осы іспеттес іс-шараларға қатысады.
 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі 

 

Теги: