Судьялардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
   Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Қоғамдық Кеңестің 2014 жылғы алғашқы отырысы өтті, облыстық сот жанындағы кеңестің құрамына «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, құрметті отставкадағы судьялар, Муниципалды телерадиоарнаның бас редакторы, «Әділ арқа» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаттары, «Солтүстік Қазақстан» газетінің редакторы  енеді.
   Елбасымыз Республика судьяларының VI-съезінде судьялар қоғамдастығының алдына қойған өзге де тапсырмалармен қоса Қазақстан судьяларының кәсіби деңгейін арттыру міндетін де айқындады. Судья лауазымына кандидаттарға қойылатын жоғары талаптардың аясында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аталмыш міндетті жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
   Қоғамдық Кеңес жергілікті әлеуметтің беделді өкілдерінің қатарынан құралған тәуелсіз алқалы орган болып табылады, оның негізгі міндеті – сапалы судьялар құрамын қалыптастыруға ықпал ету. Кеңес өз қызметін жариялық, алқалық, адалдық және заңдылық қағидаларына сүйене отырып атқарады.
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының жанындағы Қоғамдық Кеңестің Ережесіне сәйкес, оның құрамы жергілікті әлеумет өкілдерінің тақ санынан тұрады, соның ішінде облыстық сот төрағасы Кеңес қызметіне жалпы жетекшілік етеді.
   Судья лауазымына кандидаттардың әрқайсысын талқылау барысында олардың іскерлік және жеке басының қасиеттеріне, судья беделі мен абыройына дақ келтіруі мүмкін жайттарға, сот төрелігін шынайы, адал, заңды және әділ атқаратынына, көпұлтты, көптілді ортада жұмыс істеу қабілетіне күмән тудыратын мән-жайларға, сондай-ақ судья міндетін атқару кезінде қажет болатын тәжірибелерінің кеңдігі мен ұзақтығына ерекше назар аударылады. 
Отырыста Республиканың жергілікті және өзге де соттарындағы судьялардың бос орындарына 10 үміткердің кандидатурасы қаралды.  Әр судьялыққа  кандидаттың анкеталық деректерімен таныса келе, Кеңес мүшелері өмірбаяндарына, еңбек жолына және т.б. қатысты өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды. Сонымен бірге судьялыққа кандидаттардың әкімшілік, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға, қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында, олар Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Басқармасында арнайы тексерістен өтті. ҚСжАЕКБ-нің жауабына сәйкес кандидаттардың судья лауазымына түсуіне кедергі келтіретін мәліметтер жоқ.
   Отырыстың қорытындысы бойынша Қоғамдық Кеңес мүшелері 9 кандидатты судья лауазымына ұсынуға бір ауыздан шешім қабылдады. Бір кандидаттың қызметтік міндеттерін тиісті түрде атқармағаны үшін тәртіптік жазасы болғандықтан, оған қатысты Кеңес жағымды сипаттама беруден бас тартты. Осыдан кейін олардың кандидатуралары Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің отырысында қаралатын болады.  
   Облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай Қоғамдық Кеңестің мүшелеріне отырыс жұмысына белсенділікпен ат салысқандары үшін алғыс айтып, сондай-ақ іскерлік ынтымастастықты жалғастыратынына сенім білдірді.
 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі