«Сот медиациясы» пилоттық жобасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 
Бітімгершілік шараларының қолдану аясын кеңейту, істерді қарау мен шешу бойынша процеске қатысушылардың және соттардың шығындарын азайту, сондай-ақ дау-шарларды және дауларды соттан тыс реттеуге мүдделі азаматтық айналымға қатысушыларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 2014 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін Республика соттарында судьяның қатысуымен бітімгершілік шараларын азаматтық сот ісін жүргізу сот медиациясын енгізу бойынша пилоттық жобасының орындалуын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 20 бабына сәйкес дауды реттеуде медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін.
Егер тараптар дауды (дау-шарды) сот медиациясы тәртібінде реттеу туралы келісімге келетін болса, өндірісіндегі іс бойынша судья АІЖК 367 бабы, 247 бабының 4-1 тармақшасына сәйкес оны бекіту және іс бойынша өндірісті тоқтату туралы анықтама, қаулы шығарады.
Мемлекет нақты медиация тәртібінде келісімге келген азаматтық істер бойынша тараптарды белсенді ынталандырады, бұл жағдайда төленген мемлекеттік баж ҚР «Медиация туралы» Заңының 27 бабы 5 тармағына сәйкес қайтарылады.
Солтүстік Қазақстан  облысының аудандық және оған теңестірілген соттарының ішінен аталмыш пилоттық жобаны жүзеге асыруға қатысушы болып Петропавл қаласының № 2 соты анықталды.
Судьяның қатысуымен бітімгершілік шараларын (сот медиациясы) азаматтық сот ісін жүргізуіне енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы Ережемен тілек білдірушілер Солтүстік Қазақстан облыстық сотының сайтында «Құқықтық негіз» - Медиация айдарында танысуына болады.
 
 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі