Архив событий

03/04/2014

Еңбекші көшіп келушілердің құқықтық аймағы

03/04/2014

   2014 жылдың басынан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 153-V) Заңы күшіне енді. Қазақстанмен елімізге келудің және болудың визасыз режимі туралы келісім жасасқан мемлекеттердің азаматтары үшін заңнаманың қаншалықты жеңілдетілгені туралы және еңбекші көшіп келушілерге байланысты өзге де мәселелер Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында өткен «Еңбекші көшіп келушілерді заңдастыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел шарасында талқыға салынды.