Архив событий

25/04/2014

Ашық есік күні

25/04/2014
   Халық арасында сот жүйесінің ашықтығын және қол жетімділігін күшейту мақсатында, 2014 жылғы 25 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық сотында СҚУ колледжінің 3 курс студенттері қатысқан «Ашық есік күні» өткізілді.
   Студенттермен кездесу Петропавл қалалық сотының судьясы А. Жанақовтың қатысуымен сот отырысының залында өтті.
   Айдархан Ержанұлы студенттерге сот жұмысының ерекшелігі туралы айтып берді, сонымен қатар студенттерге мемелекеттік қызметке түсу кезінде қойылатын талаптар туралы түсіндірілді.