Ғабит Мүсірепов атындағы № 2 аудандық сотымен семинар-тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік-Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы № 2 аудандық сотымен судьялар, прокурор, адвокат, сот қызметкерлерінің қатысуымен «Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша сот талқылауын жүргізу тәртібі» семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренинг судья М.Б. Хасеновтің баяндамасымен басталды, ол қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша сот талқылауын жүргізу тәртібін толық айтып берді.
Қылмыстық теріс қылықтар туралы істі сотта қараудың тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының 529 бабымен реттеледі, оған орай: судья, қылмыстық теріс қылық туралы істі қарауға кірісе отырып: 1) істі кімнің қарайтынын, қай істің қаралуға жататынын, кімнің және Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің қай бабының негізінде жауаптылыққа тартылатынын жариялайды; 2) сотталушының, сондай-ақ істі қарауға қатысатын өзге де адамдардың келгеніне көз жеткізеді; 3) іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және заңды өкілдері болған кезде – олардың, қорғаушының өкілеттігін тексереді; 4) іс бойынша іс жүргізуге қатысатындардың келмеу себептерін анықтайды және істі көрсетілген адамдардың қатысуынсыз қарау туралы не істі қарауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды; 5) қажет болған жағдайларда істі қарау кезінде қатысуы міндетті болып табылатын адамды күштеп әкелу туралы қаулы шығарады, аудармашы тағайындайды; 6) істі қарауға қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді; 7) мәлімделген қарсылық білдірулер мен өтінішхаттарды шешеді; 8) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, ал қажет кезде істің өзге де материалдарын жария етеді. Содан кейін сотталушыны, іс бойынша іс жүргізуге қатысатын басқа да адамдарды, маманның түсінігін және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге дәлелдемелерді зерттейді.
Тәжірибеде сот талқылауының аяталуы бойынша сұрақ қозғалады.
Жоғарғы Соттың түсіндіруі бойынша істің қаралуы жалпы ережемен жүзеге асырылады, оның бар болғаны сот жарыссөзі және сотталушыға соңғы сөзді беру міндетті түрде.
Семинардың аяқталуында, зерделенгенді бекіту мақсатында, сонымен қатар қылмыстық теріс қылықтар туралы істерді қарау тәжірибені құрастыру үшін судья М.Б. Хасенов қылмыстық істі қарау мәжіліс-сахналау өткізді.     
 
Источник: 
Ғабит Мүсірепов атындағы № 2 аудандық соты