семинар

Облыстық сотта Call-орталықтың қызмет ету және статистикалық есептерді қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өткізілді

15/09/2017
Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің мамандары аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілерімен және мамандарымен Call-орталықтың қызмет етуі, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша статистикалық есептерді қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өткізді.
Бөлім басшысы Сәуле Шауыпкелова іс-шараны аша отырып, талқылау барысында көтерілетін сұрақтардың маңыздылығын баса айтты.

Айыртау аудандық сотында "Дауды (жанжалды) партисипативтік рәсімтәртібімен реттеу туралы келісім" тақырыбында семинар

23/08/2017
Айыртау аудандық сотында "Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім" тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараға аудандық сот судьялары, аудандық прокуратура өкілдері, адвокаттар және үкіметтік емес ұйымдар, БАҚөкілдері қатысты.
Т. Бектұрсынов өз сөзінде, азаматтық істерді қарау барысында қолданылатын, яғни қорғаушылардың көмегімен тараптардың дауды партисипативтік келісім тәртібімен реттеу туралы тәсілдері бойынша айтып өтті.

Тайынша аудандық соты полиция қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізді

21/08/2017
Тайынша аудандық сотымен Тайынша ауданының ІІБ ғимаратында «2017 жылғы 11 шілдедегі 91-VI  және 2017 жылғы 03 шілдедегі №84- VI Қазақстан Республикасының заңдарымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен Қылмыстық, қылмыстық-процестік, әкімшілік заңнама нормаларын қолдану» тақырыбына семинар өткізілді.
Семинарға сот төрағасы, Тайынша ауданы ІІБ бастығы, ЖПҚ бастығы және де Тайынша ауданы ІІБ қызметкерлері қатысты.

Айыртау ауданының №2 сотында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңына» енгізілген өзгерістер талқыланды

14/08/2017
 
Айыртау ауданының №2 сотында сот төрағасы, прокуратура органдарының, адвокатура, Айыртау ауданының пробация қызметі тобының өкілдері және сот мамандарының қатысуымен семинар өтті.

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Мемлекеттік тіл – менің мақтанышым» тақырыбына семинар өткізілді

10/08/2017
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен «Мемлекеттік тіл – менің мақтанышым» тақырыбына семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты сотта мемлекеттiк тілде  iс жүргiзудiң қасиеттiң жоғарлату мәселесін талқылау, құжаттар айналымы жалпы алғанда мемлекеттiк тілдің меншiктi салмақтығын жоғарылатуы.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі сот орындаушыларының қатысуымен «Атқарушылық құжаттарды орындауға жолдау» тақырыбында семинар өткізді

10/08/2017
 
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі «Атқарушылық құжаттарды орындауға жолдау» тақырыбында семинар өткізді.

Айғақтарды сақтауға қою

25/07/2017
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Айғақтарды сақтауға қою» тақрыбына семинарлық сабақ өтті.
Іс-шараны өткізу барысында судья Э.Н. Уразамбетова баяндама оқыды, ол өз сөзінде жәбірленуші мен куәнің айғақтарын сақтауға қою 2014 жылдың ҚР ҚПК новелласы болып табылады.
Қылмыстық-процестік заңнамасының құрамында жәбірленуші мен куәнің айғақтарын сақтауға қою ҚР ҚПК «Жауап алу және беттестіру»  тарауымен реттеледі.

Айыртау аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және хаттаманы талапқа сай рәсімдеу ережелері» тақырыбында семинар өткізілді

29/06/2017
 Айыртау аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және хаттаманы талапқа сай рәсімдеу ережелері» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс шараға судьялар, ауданның прокуратура өкілдері, ІІБ қызметкелері және сот орындаушылар қатысты.

Айыртау аудандық сотында «Жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында семинар өткізілді

12/06/2017
Айыртау аудандық сотында «Жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі»  тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараға аудандық кеңсе меңгерушісі және сот мамандары, Айыртау ауданы бойынша арнайы күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты.
Жұмыс барысында сот приставы А.Макишев баяндама жасап, ол сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетіп, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді тежейтінін айтты.

Беттер