Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі сот орындаушыларының қатысуымен «Атқарушылық құжаттарды орындауға жолдау» тақырыбында семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі «Атқарушылық құжаттарды орындауға жолдау» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Г.Н.Өтебаева, талдау және жоспарлау бөлімінің мамандары, облыстың аудандық және оларға теңестірілген соттарының меңгерушілері, Солтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысы К.Б. Бейсенова, жеке сот орындаушылардың қызметін ұйымдастыру бойынша бөлімнің басшысы А.Б. Бимақанова, «Заңды тұлғалардан өндіріп алу жөніндегі бөлім» филиалы бөлімінің басшысы Р.С. Әбдолманова, сондай-ақ жеке және мемлекеттік сот орындаушылары қатысты.
Іс-шараны өткізудің мақсаты атқарушылық іс жүргізудің жылдам орындалуын арттыру және атқарушылық құжаттарды қайтару фактілерін болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара әрекет ету болып табылды.
Кездесу барысында семинар қатысушылары атқарушылық құжаттарды орындауға жолдау және тіркеуге байлансыты проблемалық мәселелерді талқылады.  Сондай-ақ атқарушылық құжаттарды қайтару бойынша, оның себептерінің бірі атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің кемшіліктері болып табылатын   проблемалық мәселелері талқыланды (АІЖО ААЖ). Барлық осы кемшіліктер сот актілерін сапалы және уақтылы орындауға тікелей әсер етеді.
Кездесу барысында қатысушыларға бірлескен жұмысты жақсарту бойынша ұсынымдар мен түсініктемелер берілді.
 
Источник: 
Соттар әкімшісінің Талдау және жоспарлау бөлімі