Архив событий

29/08/2017

Айыртау аудандық сотында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «дөңгелек үстел» өткізілді

29/08/2017
Айыртау аудандық сотында «Конституция – еліміздің негізгі заңы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шараға аудандық сот судьялары және сот мамандары қатысты.
Сот төрағасы А.М. Шәмшінұрова өз сөзінде, алдағы мерекенің маңызы мен заңдылығын айтып өтті. Қазақстан Республикасының Конституциясы –мемлекеттің басты, түбегейлі заңы, 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдум арқылы қабылданған.